![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2020-03/medium/1583572620_moluch_299.1_0001.jpg)
«Болашақ» университеті 2013, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты 2017 жылдан бастап Қазан қаласында орналасқан «Молодой ученый» баспасымен ынтымақтастық орнатып, байланыс жасап келеді. Келісім-шарт негізінде екі тарап мүмкіндіктеріне қарай бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, бірлескен семинарлар, конференциялар мен арнайы нөмірлерді шығаруды ұйымдастыру, ынтымақтастық шеңберінде ғылыми жарияланымдармен алмасу сынды жұмыстар жүргізуде.
«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты «Болашақ» университетінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазіргі ғылым және инновациялар» атты V Халықаралық ғылыми конференциясы аясында өзінің «Молодой ученый» журналының 25-ші арнайы нөмірін жарыққа шығарды. Ескеретін жәйт, арнайы нөмірге тек Қызылорда «Болашақ» университетінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары және студенттерімен қатар өңірдегі мектептер мен колледж оқытушылары, еліміздегі өзге оқу орындарының қызметкерлері жарияланады. Бүгінгі таңда Халықаралық ынтымақтастық бағытындағы «Молодой ученый» журналының арнайы нөмірлерінің 25 санында 563 ғылыми мақала жарияланған. Халықаралық ынтымақтастық бағытындағы бұл нөмірлер 2018 жылғы Қызылорда «Болашақ» университетінің институционалдық аккредиттеуі кезінде Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚТА) сарапшылары жоғары бағасын беріп, жоғары оқу орындары үшін оң тәжірибе екендігіне назарын аударды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<