Наталья Жұмаділдаева

235

0

Үстіміздегі жылдың 15 наурызы күні ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-ми­нистрі, жерлесіміз Наталья Жұмаділ­дае­ва дү­ниеден өтті. 

Наталья Васильевна 1965 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы Темір­тау қаласында дүниеге келген. Оның пе­да­гогикалық жолы 1987 жылы Қы­зылорда және Алматы қалаларының мек­теп­те­рінде бастауыш сынып мұғалімі қыз­ме­тінен басталды. Өзінің таланты мен кәсібіне адалдығының арқасында дирек­тордың орынбасары және директор лауазымдарында қызмет атқарды. 2013-2016 жылдары әдіскер, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары және Жасөспірімдер мен оқушылар үйінің директоры болып жұмыс жасады.

2016 жылы Наталья Васильевна Қа­зақстан халқы Ассамблеясының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болып сайланып, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік коми­тетінің жұмысына белсенді қатысты. Депутаттық өкілеттігі аяқталғаннан ке­йін 2021 жылы білім беру саласын­дағы қызметін жалғастырып, «Назарбаев Зият­керлік мектептері» ДББҰ Басқарма тө­рағасының кеңесшісі, Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру бағдарламалары және халықаралық ын­тымақтастық жөніндегі директордың орынбасары, кейін Оқу-ағарту ми­нистр­лігінің Мектепке дейінгі білім депар­та­ментінің директоры қызметтерін атқар­ды.

2023 жылдың қыркүйегінде Наталья Жұмаділдаева Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Елдің білім бе­ру жүйесін дамытуға елеулі үлес қос­ты. Көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Құр­мет» орденімен, «Ы.Алтынсарин» төс­белгісімен марапатталған.

Ол кәсіби маман, өскелең ұрпаққа қамқоршы ұстаз еді. Ізіне өшпес өнеге, терең тағылым қалдырған Наталья Ва­сильевнаның есімін ұмытпаймыз.

Бақұл болыңыз, ұлағатты ұстаз.

Қызылорда облысының әкімдігі,

облыстық мәслихат,

облыстық қоғамдық кеңес

және ардагерлер кеңесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<