117 мыңға жуық адам наурыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 76,1%-ы қазақ тілінде, 23,8%-ы орыс тілінде, 117 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҰБТ басталғалы шекті балды 75%-ға жуық талапкер жинады.
«Орташа балға келсек, бұл – 69 балл. Ең жоғары балл – 137. Жалпы, 118 талапкер 130-дан жоғары балл жинады. Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Биология-Химия» комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 19%-ы тапсырды. «Математика-Физика» пәндерін 17% таңдаған. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 12%-ы таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 121 адам тапсырған».Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында наурыз ҰБТ-сына 252 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<