Марк Подольскийге Президент құттықтауын табыстады

1033

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім беру саласына елеулі үлес қосқан, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаз Марк Подольскийдің шаңырағына барып, ұстаздар күніне орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізіп, «Алтын барыс» төсбелгісін тақты.

– Сіз саналы ғұмырыңызды білім саласының дамуына арнап, өлшеусіз үлес қостыңыз, шәкірт тәрбиелеп, құрметке бөлендіңіз. Нағыз ұстаз қарапайым келеді деген ұғым бар. Сіз қарапайым болмысыңызбен шәкірттеріңізге әкедей қамқор, ұстаздарға жанашыр бола білдіңіз.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы орасан еңбегіңізді елеп, арнайы құттықтау жолдады. Мерейлі мерекеде деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық тілеймін, – деді Н.Нәлібаев.

Білім саласында табанды тер төккен ұлағатты ұстаз айрықша құрмет үшін алғаусыз алғысын білдірді.

– Мен үшін бүгін күтпеген айрықша сәт, сәл толқып та тұрмын. 60 жыл білім саласында қызмет етіп, 20 жылдан астам мектеп басқарыппын, ең бастысы шәкірттеріме ақадал тәлім-тәрбие беруге тырыстым. Осы еңбегімді елеп-ескеріп, маған арнайы марапат жолдаған Президентімізге шынайы ризашылығымды білдіремін,-деді ұстаз.

Марк Подольский – білікті маман, сауатты басшы және шебер ұйымдастырушы ретінде аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан қабырғалы қайраткер. Мықты шәкірттер тәрбиелеп, ұстаздық жолға қосқан.Тоқсанның төріне шыққан ардагер ұстаз білім саласына сіңірген ерлеулі еңбегі үшін «Парасат» ордені мен «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Марк Подольскийге Президент құттықтауын табыстады

Сондай-ақ, биыл тұңғыш рет Тамыз кеңесінде ардагер ұстазға Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді.Айта кетейік, Президент тапсырмасы аясында мұғалімдердің жалақысы 4 жыл қатарынан 25 пайызға көбеюде. Ал, аймақта жыл қорытындысымен еңбегімен көзге түсіп, үздік 10 мұғалімге бірреттік 900 мың теңге қаржылай сертификат табысталмақ.Мұнан бөлек, шәкірттері халықаралық, республикалық білім додаларында топ жарған ұстаздарға ынталандыру шаралары іске асады.Мемлекет қамқорлығы аясында биыл өңірде 6 мемлекеттік, 3 жеке мектеп салынды. Жеке мектептердің үлесі артып, қазір саны 22-ге жетті.Президент бастамасымен келер жылы «Жайлы мектеп» жобасы бастау алады. Өңірде бұл бағытта 16 жаңа мектеп салу жоспарда бар.Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<