Бүгін Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының 2022 жылғы 1 қарашадағы №161-ЖҚ/1 бұйрығымен «Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық Білім-инновация лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Айбеков Айдын Абрашұлы тағайындалды.
Айдын Абрашұлы 1987 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы Түркия Республикасы, Таяу Шығыс техникалық университетін «Математика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Алматы қаласындағы С.Демирель атындағы колледжінде математика пәні мұғалімі болып бастаған. 2017 жылы Сулейман Демирель университетінің «Математика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі дипломын алды. 2017-2018 жылдары Астана қаласы «Дарынды ер балаларға арналған Білім-инновация» лицей-интернатында директордың шет тілдері жөніндегі орынбасары, 2018-2022 жылдары Семей қаласы «Білім-инновация» лицейінде математика пәні мұғалімі, директордың шет тілдері жөніндегі орынбасары болды.
2022 жылғы тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында директордың міндетін атқарушы қызметін атқарып келді.
Жаңа қызметімен құттықтаған басқарма басшысы сәттілік тілеп, өңірдің білім саласына ерекше үлес қосатынына сенім білдірді.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<