Онлайн оқу: Студенттерге қалай әсер етті?

975

0

Әлемді алаңдатқан пандемия салдарынан университеттердің оқыту жүйесінің өзгергеніне бір жылдан аса уақыт болды. Бұл мақаламда студент ретінде бұл өзгерістердің бізге қалай әсер еткеніне тоқталсам деймін.


Білім ордасында оффлайн оқу, яғни оқытушыларды жүзбе-жүз көру, тақырыпты бірлесіп талқылау, идея алмасу – студенттік шақтың ең керемет сәттерінің бірі.

Маңызды іс-шараларға бару, қоғамдық жұмыстарға қатысудың орны бөлек еді. Университетке оқуға түсу арқылы жас буын жаңа ортаға бейімделеді, әрине, оның өзі қиындығы да бар. Дегенмен, оффлайн оқудың пайдасы орасан.


Қашықтан оқу кезінде оқытушы мен студенттер түрлі кедергілерге тап болды. Өйткені қалалық жерден гөрі ауылдық аймақта тұратындар басымырақ. Әсіресе студенттер интернеттің дұрыс болмауы, жарықтың жиі өшіп қалуынан онлайн түрде сабақ айтып, оны жіберуде қиналды. Кейбір студенттер үй тапсырмасын көшіріп жазуға, интернеттің жоқтығын сылтауратуға әдеттенді. Онлайн оқудың үлкен минусы бұл емес.

Бастысы, ұзақ уақыт ноутбук пен ұялы телефонға тәуелді болу денсаулыққа едәуір әсерін тигізді.


Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп екені белгілі. Сондықтан онлайн оқу қалыптасқан жүйені өзгертіп, жүйкеге салмақ салғаны рас. Бірақ бұл білімге ұмтылған, мықты маман боламын деген жастарға кедергі емес.

Жансәуле АБДУЛЛА,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің ІІ курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<