Оқушылар қазақ әндерін орындады

867

0

«Қазақтың 100 әні» жобасы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары туған жерге деген құрметтерін «Ән шырқайық бәріміз» караоке іс-шарасында әндермен жеткізді.
Күнделікті түскі үзіліс уақытында сыныптар қазақтың халық және эстрадалық әндерін орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Музыкалық композициялар Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Мәселен, 7-сыныптың білім алушылары «Атамекен», «Сәлем, Қазақстан!», «Армандастар», «Мен – қазақпын», «Елім менің» атты көпшілікке танымал әндерді шырқап, патриоттық рух берді.

Оқушылар қазақ әндерін орындады

Оқушылардың отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін арттыру және айналаға құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрлерімізді құрметтеуге үйрету мақсатында Зияткерлік мектептерде «Қазақтың 100 әні» жобасы іске қосылған. Жас зияткерлер жоба тізімінде бекітілген әндердің шығу тарихын зерттеп, түрлі мерекелік мектепішілік іс-шараларда насихаттайды.
«Қазақтың жүз әні» жобасы – бұл соңғы бірнеше онжылдықтағы қазақтың ән мұрасын жүйелендіруде үлкен қадамдардың алғашқысы. Жоба мақсаты еліміздің мәдени мұрасын қолдауға және насихаттауға бағытталған. Қазірде оқушылар әр түрлі жанрдағы және шетел әндерін еркін орындайды. Біздің мақсатымыз қазақ әндерінің, дәстүрлі әндердің де құндылығы мен маңыздылығын ешбір әлем әнінен қалыс қалмайтынын көрсету», – деді жоба координаторы Дина Нұрланқызы.

Оқушылар қазақ әндерін орындады

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<