Қашықтан оқыту: бір белестен өттік

1178

0

Биылғы оқу жылының ІV тоқсанында барлық білім беру ұйымдары қашықтан оқытуға көшті. Мектебіміз өз жоспарына сґйкес оқу-ґдістемелік, ғылыми-ізденіс, қоғамдық-тґрбие бағыттары бойынша жұмыстарын атқарып келеді. Әлеуметтік серіктес меке­мелермен жґне Қорқыт ата атындағы мемлекеттік уни­вер­ситеттің «Қазақстан тарихы жґне ґлеуметтік саяси ғылымдар», «Педагогика жґне психология» кафедраларымен бірлесе жұмыс жасауын тоқ­татқан жоқ.

Мұғалімдер туындаған қиын­­дыққа қарамастан цифр­лық білім беру ресурстары, элек­трондық оқулықтарды, электрондық журналдарды тиімді пайдаланып, аталған жағ­­дайларға тез бейімделді. Оқу-əдістемелік құжаттарды не­гізге ала отырып, білім беру платформаларының ал­горитмін тиімді пайдаланды. Видеосабақтар дайындап, оны əлеуметтік желілерге жүктеп отырды. Бұл мұғалімдеріміздің əдістемелік құзыреттілігін, ше­бер сабақ үлгісін, екінші жа­ғынан оқушылармен кері байланыс жасаудың тиімді жол­дарын көрсетті. Тө­тен­­ше жағдай кезеңінде де мектеп бітірушілерді алаң­да­тып отырған сынақтар – мемлекеттік қорытынды аттес­таттау мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық күн тәр­тібінен түскен емес.

Қашықтан оқытуға қа­ра­­­­мастан, жыл басында жа­салған жоспарлы да­йын­дық жұмыстары жал­ғасын тапты. Ұстаздар ҰБТ-ға да­йын­­даудың түрлі оң­тайлы тәсілдерін іздестіріп, қиын­дықтан шы­ғу­дың жолдарын қарастырды. Соның нәти­же­сінде қашықтан оқытудың онлайн, офлайн түрлерін пайдаланып, ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын әр оқушыға жеке-жеке дайындық кестесімен жүргізуде. Әр пән мұғалімі өзіне оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдаланды.

Ұстаздар оқушыларға бі­лім беріп қана қоймай, оларға психологиялық қол­дау да жасауда. 9,11 сынып оқу­шы­ларының алдында тұрған бас­ты мәселе – болашақ маман­дығын таңдау. Үздіксіз кәсіби бағдар жұмыстары бойынша бейінділікке байланысты онлайн, офлайн негізінде сауалнамалар, бейнеконференциялар жүргізіліп, TIMS, ZOOM платформасымен вебинарлар өткізілді. Айта кететін болсақ, 11-сынып түлектері, ата-аналарымен бірге ZOOM платформасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мем­лекеттік университетінің ұйым­дастыруымен өт­кі­зілген бейнеконференцияларға, колледждер ұйымдастырған вебинарлар мен сауалнамаларға қатысты. Мағлұматтар әлеу­мет­тік желілер арқылы тү­лектер мен ата-аналарға та­­ра­­тылып, ата-аналардың сұ­­рақ­­­тарына жауап беріп, үз­дік­сіз байланыс жүргізілуде.

Облыстық оқу орталы­ғы­ның (әдіс­темелік кабинет) ұйымдастырумен М.Мәметова атындағы Қызылорда педа­гогикалық жоғары колледжі, медициналық жоғары кол­леджі, И.Әбдікәрімов атын­дағы Қызылорда аграрлық тех­никалық жоғары колледжі мектеп бітіруші түлектерге колледж базасындағы маман­дықтарды таныс­тырып, құ­жат тапсыру жолдарын, жатақ­ханаға орналасу ретін, сонымен қатар колледжде көрсетілетін әлеуметтік көмек жұмыстары туралы түсіндіріп өтті.

Ұстаздар ғылыми ізденіс жұмыстарын да тоқтатпады. Шәкірттерімен бірге түрлі онлайн байқаулар мен ғылыми жобаларға қатысты. Интеллектуалды білім порталдарының пәндік олимпиадаларынан, ғы­­лыми жоба қорғау, мә­нер­леп оқу сайыстарынан, су­рет байқауларынан, «Дарын» республикалық ғылыми-прак­­ти­калық орталығының төтенше жағдай кезінде ұйым­дастырған «Золотое руно», «Кенгуру», «КИО» олимпиа­да­ларынан мұғалімдер мен оқушылар жүлделі орын­дарға ие болып, дипломдар­мен марапатталды. Сонымен бірге Қорқыт ата мем­лекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының ұйым­дастыруымен Абай Құнан­байұлының 175 жылдығына орай «Абай шығармаларының тағылымы» атты ғылыми жоба байқауына ZOOM платформасы арқылы мектебіміздің оқушысы қатысып, жүлделі үшінші орынды иемденді.

Тәрбиелік шаралар тыс қалған жоқ. Мамыр айын­дағы атаулы даталар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мектеп оқушыларының қатысуымен 40-тан аса түрлі шара өтті. «Бірлік пен келісім» тақы­ры­бындағы онлайн тәрбие сағатынан басталған іс-ша­ралар оқушылардың түрлі идеяларымен түсірілген бейнероликтер сайысына ұласты. Мектеп оқушылары 130-дан аса ұлт өкілі мекен еткен Қазақстан халқын сан түрлі тілде құттықтады. Ата-аналар балаларымен бірге патриоттық әндер орындап, мектеп тынысына, бала тәрбиесіне етене жақын екенін білдірді. Облыс әкімі бастаған «Жасампаз жасақ» интерактивті акциясына оқушылармен қатар мектеп ұстаздары қатысып, әкелері мен аталарының ерлігін баяндады.

Еріктілікті дамытудың 7 бағытын басымдыққа ала отырып мектеп оқушыларынан құрылған 10 еріктілер тобына «Ұшқыр ой», «Туған өлкем», «Кітап құрттары», «Қамқор бол!», «Қанатты дос­тар», «Жасыл орта», «Біз біргеміз!», «Жас медиа», «Сабақтастық», «Ой жүйрік» деген атаулар берілді. Әр топтың құрамы белгіленіп, жұмыс жоспары бекітілген. «Ұшқыр ой» еріктілер тобы «Интернет кітапты алмастыра ала ма?», «Мектептерге бірыңғай мектеп формасын енгізу ақталады», т.б тақырыптарға дебат және зияткерлік ойындарын өткізіп, «Қамқор бол!» еріктілер тобы қарттар үйіне мерекелік бағдарлама қойып және қарт кісілерге ауласын, үй-жайын тазалауға көмек берді. «Жас медиа» еріктілер тобы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында қала тұрғындарынан Абай өлең­дерін жалғастыруын сұрап, видеороликтер әзірлеп, өз жұмыстарын көрсетуде.

Мектеп ұжымы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мем­лекеттік университеті мен қалалық білім бөлімінің қол­дауымен қала мектептері арасынан алғаш ­болып «Мектептегі кәсіптік бағ­дар: Тұл­ға­ның кәсіби құн­ды­лығы және педагогика мамандығы» тақырыбындағы рес­­публикалық ғылыми-тә­жі­рибелік он­лайн-конферен­ция өткізді. Конференция ZOOM бағдарламасы арқылы үш бағытта жүргізілді. Оқу­шы­ларға кәсіптік бағдар беру күрделі әлеуметтік-пси­хологиялық жүйе десек, конференция тақырыбы осы мәселенің нақты теориялық негізі мен проблемаларын айқындады деуге әбден болады. Онлайн-конференция жұмысына профессор-оқытушылар, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіп­одақ ұйымы, қалалық білім бөлімі, ТжКБ, орта білім беру ұйымдарының ­басшылары, мектеп мұғалімдері, ма­гистранттар, студенттер бел­сенділікпен қатысып  отырды.

Конференцияның құн­ды­лығы – бүгінгі күннің, осы кезеңнің өзекті мәселесін қозғауында.

Пікірлер мен теориялық зерттеу негіз­дері мектептегі тәжірибемен бір арнаға то­ғыс­қанда біздің қоғамдағы идеямыздың, қарайтын ба­ғы­­тымыздың бір екенін ұғын­­дық. Ғалымдардың пе­даго­гикалық мамандыққа ұлт­тық бренд қалыптастыру жайлы әңгімелері көп­ші­ліктің қы­зығушылығын тудырды. Қа­шықтан білім алу – адам дамуының үлкен мүмкіншілігі екенін дәлелдеп тұрғандай болды.

Барлық ­баяндамашылар кә­­сіби бағдар беру­дің ма­ңыз­дылығы мен педа­гоги­калық мамандықтарға ­тартылатын оқушылардың тұлғалық ерек­шеліктеріне тоқталып, тал­дады. Қоғамдағы мұғалім рөлін арт­тырудың мазмұнды жолдары мен педагог мәртебесі, қашықтықтан оқыту – заман талабы екеніне тоқталып өтті.

Жалпы білім берудің заманауи әдісті дұрыс ұйымдастыру қазіргі заманның басты талабы болып қала береді.

Айгүл МҰСАБАЕВА,

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің директоры, доцент.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<