Қашықтан оқыту – бұл ғаламторды пайдалана отырып, оқыту тәсілі. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші – адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс.
Адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы керек. «Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері, адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, қарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп пен ортаның дамуының негізгі құралы – ақпараттық ресурстар. Сауатты өмір дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеледі. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде.
Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Мұғалімдердің алдын ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарыламайды. Өйткені, оқушының білімін, үлгерімін көтеру үшін оқытушының біліктілігін көтеру керек. Қашықтан оқыту мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді. Мұғалім оқушының ішкі жан-дүниесінің сырын ашып, оның симпатикалық ынтасының дамуына жағдай тудырып отырады.
Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай қарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы – телекоммуникациялар, аудио- және видеожазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Қашықтан білім беру технологиялары – оқу процесіне тиісті компоненттерді бейнелейтін және телевизиялық (телесабақтардың), желілік және кейс технологиялар көмегімен іске асырылатын педагог пен білім алушының қашықтан өзара қарым-қатынасы арқылы жүргізіледі.
Барлық сыныптардың оқушылары үшін қашықтан оқыту үш тәсілмен:
1) Мұғалім өз бетінше интернет-платформалары арқылы;
2) Телевизиялық сабақтар;
3) Алдын ала дайындалған сабақ жоспары арқылы қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.
Қашықтан оқытудың маңызы қазіргі бағдарламалық және техникалық құралдарды қолдану арқылы оқыту электрондық білім беруді неғұрлым тиімді, жаңа технологиялар визуалды ақпаратты анық және динамикалық етеді.
Қашықтан оқудың ұстаз үшін тиімді жақтары өте көп. Себебі белгілі бір уақытқа бағынбайды, үлгермей қаламын деп қорықпайды, уақыт шектеусіз және де жаңа технологияны сабаққа енгізу үшін мұғалімге дайындық жұмыстарына көп уақыт керек. Мұғалім үйде отырып керек кезде демалып алып, әрі қарай жұмысын жалғастыра алады.
Қашықтан оқыту талапты және өзін-өзі бақылай алатын оқушыға өте пайдалы деп білемін. Сонымен қатар, қашықтан оқу, яғни интернет арқылы оқудың оқушылар үшін жақсы жақтары бар:
*күнделікті жолға кететін уақытты үнемдейді;
*әлемдегі кез келген оқу көздерін таңдай алады;
*кез келген жерде жүріп те оқи беруге болады;
*бейнежазбасы болса, тіпті жақсы, қанша рет қайталап көріп тыңдаймын десе де өз еркі;
Тек осылай, бірлесе жұмыс жасау арқылы біз оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып, балаларға қажетті білім мен құзыретін бере аламыз. Мен сабақтарымды «WhatsApp» желісі арқылы өтіп отырдым. Сабақтарымда байқағаным, үндемейтін тұйық оқушы өз ойын ашық айтып берілген тапсырманы орындайды. Өйткені өз ойын аудио немесе жазу арқылы жеткізіп отырады.
Ағылшын ағартушысы У.Уорд: «Жәй мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген. Иә, шәкірт даярлауда тынымсыз лаулаған жалын иесі – ұстаз!
Аида ЕДІГЕЕВА,
Қ.Мұхамеджанов атындығы
№1 мектеп-гимназияның
ағылшын тілі пәні мұғалімі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<