Қазақстанда жалған диплом үшін жазаны қатаңдатпақ

2870

0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған дипломдар сатылатын жасырын базарлар туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазір жалған диплом сатып алу туралы әлеуметтік желідегі жарнамалар ешкімді таңқалдырмайтын болған. Жалған дипломға қол жетімділік, бағасының арзан болуымен қатар, диплом сататындар жасанды құжатты ешкім түпнұсқадан ажырата алмайды деп сендіреді», – дейді министрлік. 

Министрліктің хабарлауынша, қызығушылық танытқан адамды сендірудегі басты құрал –  барлық құжаттардың ресми бланкілерде басылып, нақты түпнұсқамен сәйкес келетіндігі. Дипломдары тексеру кезінде түпнұсқадан еш айырмасы болмайтынын айтады. 

Сатып алынған диплом жұмыс істеу барысында жарамсыз екенін ескерсек, кәсібилік тұрғысына келген кезде ондай адамдар өз ісінің маманы бола алмайды. Нәтижесінде құқық қорғау органдары анықтайтын жалған дипломдар саны жыл сайын артып келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<