Қызылордада мектеп директорларының лигасы құрылды

1269

0

Қызылорда облыстық білім басқармасының қолдауымен алғаш рет директорлардың TEDx форматтағы кездесуі өткізілді. Басқосуға қала және барлық аудандардан 20-ға жуық мектеп директорлары шақырылды.

TEDx алаңында 4 спикер білім саласын басқару жүйесіндегі көшбасшылық және мененджменттік қасиеттерді дамытуға арналған жаңа кейстермен бөлісті. Айталық, 101 мектептің директоры Айгүл Өткелбаева «Стратегиялық брэнд менеджмент» тақырыбын қозғаса, 140 мектеп директоры Айгүл Мұсабаева «Мектептегі венчурді дамыту» әдістерімен бөлісті. Ал, 278 мектеп-лицей директоры Эльмира Азатбаева «Мұғалім арасындағы матрицалар мен анықтауыштар» тақырыбындағы тәжірибесін ортаға салды. Соңғы спикер 261 мектеп директоры Қарлығаш Абдрахманова «Мектептегі HR менеджмент» енгізудің жаңа әдістерін тарқатып берді.

Еркін ой алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова білім саласындағы жаңа формация алға шыққан уақытта мектеп директорлары тың талаптарға сай жұмыс жүргізуі керек екенін алға тартты. Сондай-ақ, әрбір мектеп басшысы менеджерлік дамуға қарай бет түзеп, ұжымды басқарудың жаңа тетігіне қарай әрекет етуі керек деп атап өтті.

TEDx соңында мектеп директорлары кері байланыста пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Алдағы уақытта директорлардың біліммен бөлісу алаңы жиі ұйымдастырылып, спиральдік жүйе арқылы дамитын болады.

Айта кетейік, бұдан былай Сыр елінде директорлар лигасы жұмысын бастайтын болады. Серіктес директорлар білім беру ісіндегі озық тәжірибе мен жаңа идеяларды іске асырады. Бұл үшін облыстық іс-шаралар жоспары бекітіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<