Қызылордада «Мұрагер» мектебіне Абай есімі беріледі

1050

0

«Мұрагер» мектебіне Абай Құнанбайұлының есімі беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.

«Абай күнін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар аясында «Абай мұрасының ұлттық әдебиет пен мәдениеттегі маңыздылығы» атты республикалық онлайн конференциясы, «Абай – адамзат тарихындағы ұлы тұлға» тақырыптарында Абай оқулары, Қазақстанның халық артисі Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклінің онлайн көрсетілімі және тағы басқа шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде ұлы Абайдың шығармаларын жатқа оқудан «Абай күні» челленджі #ABAI175 #ABAIKUNY хештегтерімен насихатталады. Қазақтың дара ақыны, ғұлама, ойшыл, ағартушы Абай есімін ұлықтау мақсатында облыс бойынша 3 елді мекенге, 4 мектепке және 86 көшеге есімі берілген. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойында орналасқан аллеяға Абай есімі беріліп, оның қара сөздері тасқа қашалып жазылды. Абайдың мұра­сын, оның асқақ тұлғасын биікке шығару бір күн­ге байланып қалмайтыны белгілі», – деді Серік Әбжәліұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<