Қызылордада қазақ әдебиеті пәнінің үздігі анықталды

942

0

Қызылордада «Үздік қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі-2021» облыстық байқауы өтті. Оған 10-нан астам ұстаз қатысты.

Төрт кезеңді қамтыған байқау нәтижесінде І орынды Жалағаш ауданындағы №38 орта мектеп мұғалімі Ардақ Бақытова иеленді. Одан кейінгі орындарды Сырдария ауданындағы №36 мектеп-лицейден Әйгерім Сәбитқызы мен Аралдағы №262 мектеп-лицейтен Салтанат Өксікбаева бөлісті.

Үздіктерге облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің арнайы дипломдары, кәсіподақ комитетінің сыйлықтары табысталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<