Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығына және желдің күштілігіне байланысты 29 қарашада 0-4 сыныптар аралығындағы оқушылар қашықтықтан оқытылады.
Бұл жөнінде Қызылорда қаласының білім бөлімі мәлім етті.
«Қызылорда қаласы бойынша ауа-райының қолайсыздығы, желдің күштілігі көрініс беріп отыр. Осыған байланысты 29 қарашада 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқытылатынын хабарлаймыз», – деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын 27 қарашада Қызылорда облысы Жалағаш кентінде қатты желдің әсерінен №201 мектеп-лицейдің шатыры ұшып кетті.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, 28-30 қараша аралығында мектептегі сабақ тоқтатылған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<