Жуырда Венгрия мемлекетінде өтетін IOI 2023 халықаралық олимпиадасында Қазақстан құрмасының атынан қызылордалық оқушымыз Мансұр бақ сынайтын болады.
С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 8-ші сынып оқушысы Мансұр Мамадахунов халықаралық бәсекеге информатика пәні бойынша қатысатын болады.
Айта кетейік, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін олимпиада 28 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді. Оған бүкіл дүние жүзінен мыңға жуық бала қатысады деп жоспарлануда.
Білім додасында еліміздің намысын қорғайтын оқушымызға сәттілік тілейміз!
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<