Қызылорда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Нұрсұлтан Талғатұлы мен Жібек Кучербаева республикалық байқауда 2-ші және 3-ші орындарға ие болды.
Қызылорда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Нұрсұлтан Талғатұлы мен Жібек Кучербаева республикалық байқауда 2-ші және 3-ші орындарға ие болды.
Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 81 жоба ұсынылды.
Нұрсұлтан жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету үшін PsyAid веб-қосымшасын ұсынды. Қосымша психолог пен жасөспірім арасында онлайн-диалог құру арқылы мәселелерді шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, бағдарлама пайдаланушыларға психологиялық жағдайды жақсартуға көмектесетін жаттығулар мен кеңестер ұсынады.
Ал Жібектің идеясы-жолдардағы қозғалысты реттеу және кептелістерді жою. Жас зияткердің айтуынша, жолдарды цифрландыру жүргізушілерге жоспарланған учаскеге кептеліссіз жетудің ең тиімді әдісін таңдауға көмектеседі.
– Ол үшін көшелерді компьютерлік камералармен және арнайы датчиктермен жабдықтау қажет. Бұл цифрлық технологиялар жол қозғалысы қауіпсіздігін бірнеше есе арттыруға көмектеседі, – дейді Жібек
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<