Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 400-ге жуық оқушы қатысады

956

0

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 391 оқушы қатысады. 

Олимпиаданың облыстық кезеңі облыс орталығындағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей базасында 24 наурыз бен 30 наурыз аралығында өтеді.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі «1 оқушы, 1 компьютер, 1 камера» қағидасы бойынша «Оқулық» платформасы арқылы жүргізіледі. Бұл зияткерлік жарысты өткізудің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Облыстық кезеңде оқушылар жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 14 пән бойынша бақтарын сынайды.

Электронды форматты енгізу олимпиадаға қатысушылар тарапынан түрлі бұзушылықтарға жол бермейді.

Айта кетейік, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін syr-daryny.kz ресми сайтынан тікелей эфирден көруге болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<