«ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес, облыс әкімінің 2020 жылғы 29 мамырдағы аудандық және қалалық білім бөлімдерін тағайындау және босату туралы №41 қаулысына сәйкес Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы болып Мадиев Ынтымақ Әділханұлы тағайындалды.
Ынтымақ Мадиев 1973 жылдың 29 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Төңкеріс ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде тарих пәнінің оқытушысы, Болашақ университетінің заңтану бакалавры.
Еңбек жолын жұмысшы ретінде бастаған. О.Жәутікова атындағы №55 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Бірқатар жауапты қызметтерде еңбек еткен. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының кеңесшісі, агенттіктің Тәртіптік Кеңес хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары.
Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерінде болған. Осы кезге дейін Шиелі аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары ретінде қызмет атқарды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<