Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты балаларымыз қашықтан оқып жатыр. Осы ретте халық мектеп пен ұстаздардың қадірін түсінгендей.
Мен Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің қамқоршылық кеңесіне жетекшілік етемін. Кеңес мұғалімдермен, ата-аналармен тығыз байланыста. Аталған білім ошағында 1,5 мыңнан астам оқушы бар. Олардың қашықтан оқуы үшін жағдай жасалып, түгел дерлік ұялы телефон, планшеттермен қамтылды. «Whatsaap» желісі арқылы жұмыс істеп, қолжетімді электронды ресурстарды пайдалануда. Ата-аналар ұстаздар қауымына тәнті болып, олардың еңбегі ерен екенін түсінді. Осы тұста ұстаз бен ата-ананың үйлесімді байланысы мені қатты қуантты.
Жұмыстың жүйелі атқарылуында мектеп директоры Г.Коңырбаева, оның оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Биманова, Э.Байназарова, Қ.Алтаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.Искакова, Н.Омарбеков, М.Нәзікбаевқа, мектеп әкімшілігі мен барша ұстазға ата-аналардың алғысы шексіз.
Гүлшат МАХАНБЕТОВА,
мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы
Қызылорда қаласы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<