«Сыр лигасы» облыстық сайысының ашылу салтанаты өтті

4043

0

Фото: Облыстық білім басқармасы

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген аталы сөздің астарында келешектің кемел болуы жолында бала тәрбиесіндегі әр күннің маңызды екендігі айтылады. Бүгінгі жас өрен әділ, еңбекқор, білімді, отаншыл болуға ұмтылуы тиіс.

«Сыр лигасы» облыстық сайысының ашылу салтанаты өтті

Осы ретте, мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Оқушыларға озық біліммен қатар, өнегелі тәрбие беру керек. Мемлекеттің тірегі – адал азаматтар. Елімізде осы қағидаға негізделген жаңа қоғамдық этика орнығуға тиіс», – деген тапсырмасы аясында бүгін аймақта «Сыр лигасы» орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасындағы сайыстың ашылу салтанаты болып өтті.

«Сыр лигасы» облыстық сайысының ашылу салтанаты өтті

Білім алушылар арасында достықты нығайтуға, зияткерлік қабілетті шыңдауға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жобаның ашылу салтанатына Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы қатысып, лиганың ашылуымен құттықтап, барша сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

«Сыр лигасы» облыстық сайысының ашылу салтанаты өтті
«Сыр лигасы» облыстық сайысының ашылу салтанаты өтті
«Сыр лигасы» облыстық сайысының ашылу салтанаты өтті

«Сыр лигасы» жобасында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда орналасқан 297 мектептің 130 мыңға жуық оқушылары сайыстың 7 түрінен өнер көрсетеді. Жалпы, лиганың талаптары бойынша мектепішілік, аудандық, қалалық, аймақтық іріктеу кезеңдерінен өткен жеңімпаздар облыстық кезеңінде жарыс жолын жалғастыратын болады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<