Сыр мектебі Ұлттық конкурста жеңімпаз атанды

806

0

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Үздік экологиялық білім беру ұйымы” атты Ұлттық конкурс ұйымдастырып, өткізген болатын.

Аталған бәсі биік бәйгеде, экологиялық білім берудің озық тәжірибелерін қалыптастыруды мақсат еткен додада қаламыздың Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейі Жеңімпаз атанды. Жүлдені ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі З.Сүлейменова табыстады.

Айта кетейік, Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицей “Жасыл мектеп” жобасы бойынша аймағымыздың тірек мектебі болып табылады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<