Еліміз бойынша көшбасшылардың жаңа буыны – дарынды жастарды анықтайтын «Елбасы медалі» жобасының тағы бір үздік толқыны белгілі болды. Ұлттық бағдарлама жеңімпаздарының қатарында Қызылорда қаласындағы NIS-тің 7 шәкірті де бар.
Атап айтқанда 12-сынып оқушылары Назым Қуандықова, Гүлжан Нұртай, Ринат Керімсал, Торғын Санақ, Майя Темірхан, 10-сыныптан Аружан Сақтаған және 9-сыныптың білім алушысы Айдана Караева «Елбасы медалінің қола деңгейіне ие болды.
«Алты ай бойы 7 бағыт бойынша әртүрлі тапсырмаларды үздіксіз орындап отырдым. «Кітап оқу» бағытында 3 шығармамен таныссам, «Дарын мен дағды» бойынша сурет салу өнерін зерттеп, қабілетімді арттырдым. «Ұлттық мұра» кезеңінде қазақ әдебиетінің туындыларымен таныса алдым. Сондай-ақ, спортпен шұғылданып, түрлі жаттығулар жасауды өмірлік дағдыға айналдырдым. Бұл жоба өз-өзімді дамытуға және бойымдағы жаңа қасиеттерді ашығу үлкен септігін тигізді», – деп санайды Елбасы медалінің иесі Айдана.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<