Талапкерлерге грантқа түсудің тағы бір жолы белгілі болды

1442

0

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

2024-2025 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды. Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі.

Биыл жергілікті атқарушы органдар 2475 білім беру гранттарын бөлді.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.

Талапкерлерге грантқа түсудің тағы бір жолы белгілі болды

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<