ҰБТ-2024: Үш талапкер 137 балл жинады

2154

0

Фото: bilimdinews.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ның бірінші кезеңінің аралық қорытындысын жариялады. Ең жоғары балл 137 болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Негізгі ҰБТ басталғалы бері 71 мыңға жуық адам тестілеуден өтті. Талапкерлердің 71 пайызы қазақ тілінде, 29 пайызы орыс тілінде, 84 адам ағылшын тілінде тапсырды.

ҰБТ басталғалы бері талапкерлердің 74 пайызға жуығы шекті балл жинады. Ал орташа балл 67 ұпайды құрады. Осы апта ішінде ең жоғары 137 баллды үш талапкер жинады.

Сондай-ақ талапкерлер арасында 126 заң бұзушылық фактісі анықталды.

Еске сала кетейік, биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. 181 мың талапкер тестілеуге қатысуға ниет білдірді, екі мүмкіндікті ескере отырып, қазіргі уақытта 330 мыңға жуық өтініш қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<