ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған түлекке ноутбук беріледі

1327

0

Ұлттық бірыңғай тестілеудің ең жоғары балл, яғни 140 ұпай жинаған мектеп оқушысына ноутбук табыс етіледі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұл фейсбуктегі парақшасында бөлісті.

– ҰБТ-да 140 ұпайды әділ жинаған әрбір осы жылғы түлек керемет, супер-заманауи, 4 жылда ескірмейтін, соңғы модельдегі ноутбукты сыйлыққа алады! Айту керек, тестілеу барысының әр бейнежазбасы мұқият талданады, – дейді Дидар Смағұл.

Еске сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеуге Қызылорда облысында 6060 оқушы 11-сыныпты аяқтайды. Оның ішінде, 5161 бітіруші ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<