Биыл білім саласында бірқатар өзгерістер болады. Президент тапсырмасына сәйкес білім саласын басқару жүйесі екі кезеңде жүзеге асады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова баяндады.
Біріншісі, әкімдіктердің білім беру саласындағы функциялары облыстық деңгейге беріледі. Бұрын жергілікті жердегі аудан әкімдері бөлім басшыларының лауазымды орындарын тағайындап келсе, енді оны басқарма іске асырады. Екіншісі, қаңтар айынан бастап, саланы қаржыландыру облыстық деңгейге өтуде. Барлық білім беру ұйымдары басқарманың вертикалды басқару жүйесіне көшеді, яғни, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін қаржыландыру және басқару құзыреті облыстық білім беру басқармаларына беріледі.
Өткен жылы білім басқармасының бюджеті 59 млрд теңге болса, вертикалды басқару жүйесі арқылы биылғы қаржы 173,3 млрд теңгені құрады.
Жиында осы жылдың алғашқы ҰБТ сынағы туралы да айтылды. Биылғы талапкерлердің басым бөлігі өткен айда тестілеуге қатысқан. Айта кету керек, қаңтар айындағы тесттің нәтижесі тек ақылы түрде білім алуға жарамды. Облыс бойынша 7002 бітірушінің 5832-сі бұл сынақты тапсырды. Облыстық білім басқармасы ҰБТ көрсеткіштеріне толық талдау жүргізбейді. Осы жолы 100 балдан асырған бітірушілер саны – 409 болса, 815 бітіруші шекті балды жинай алмаған.
Биылғы басты жаңалық, маңызды білім бәйгесін электронды форматта өткізу түлектер наурыз-маусым аралығында ҰБТ тапсырып, мемлекеттік грантты жеңіп алуға
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<