Қытайдағы балабақшалардың бірінде балаларға оқытушы орнына 60 сантиметрлік робот сабақ өте бастады. Білім саласындағы “smart” оқытушының есімі – Кико (Keeko). Ол балаларға қызықты ертегі мен аңыз-әңгімелер айтып, түрлі жастағы балаларға арналған сұрақтар мен тапсырмалар бере алады. Оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, робот экранында қызыл жүрекше жанады. Сонымен бірге, ол оқушыларды зеріктірмей, түрлі сұрақтарға да жауап береді.
Кикомен танысқан балабақша басшысы: «Роботпен жұмыс істеген оңай. Себебі, ол өз эмоциясын бақылай алады», – дейді. Киконың бағасы 10 мың юань (500 мың теңге). Бұл қытайдағы ұстаздардың орташа айлығы. Роботты жасаушылар болашақта оны басқа Азия мемлекеттеріне сатуды жоспарлап отыр. Робототехника халықаралық федерациясы мәліметіне сай, Қытай жасанды сананы жасап шығару және пайдалану бойынша әлемдегі жетекші мемлекет. Бұл елде 340 мың андроид еңбек етеді. Олар тауарларды жеткізіп береді, көшеде қарттарға көмектеседі, ауруларға диагноз қояды және т.б. жұмыстар атқарады.

Massaget.kz сайтынан
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<