Жекеменшік мектеп облыстық коммуналдық меншікке берілді

5

0

2025 жылдың 6 қарашасында ҚР Оқу-ағарту министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген «пилоттық жобаға» сәйкес 2025 жылдың қыркүйек желтоқсан айларына жеке мектептердің мемлекеттік тапсырысын орналастыру жергілікті атқарушы органдарға міндеттелді.

Жеке мектептерден мемлекеттік тапсырысқа өтініш қабылдау үшін ҚРҚаржы министрлігі тарапынан «Орта білім» электрондық платформасы әзірленіп, аймақтағы 39 мектептің 37-сі тіркелді. Конкурс нәтижесімен тиісті талапқа сәйкес келген 2 мектепке мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.

Жеке мектептерді ашудағы басты мақсат, бұл мемлекет қаржысы есебінен мектеп құрылысын салуға мүмкіндігі жоқ жерлердің мәселесін шешу болатын.

Дегенмен, жекеменшік мектептер ашылған Қызылорда қаласы (27 448 орын) мен Шиелі (3 914 орын), Жаңақорған (4 630 орын) кенттеріндегі мемлекеттік мектептерде 35 992 бос орын (профицит) қалыптасқанымен,көп жекеменшік мектептер жергілікті жердегі оқушы орны қажеттілігі бойынша жергілікті атқарушы органның келісімін алмаған. Бұл өз кезегіндемемлекеттік мектептер орналасқан мөлтек аудандарда бірнеше жекемектептердің шоғырлануына алып келуде.

Жеке мектептердің мемлекеттік тапсырысы ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы №597 бұйрығымен бекітілген «Жан басына шаққандағы қаржыландыру» әдістемесіне сәйкес орташа бір балаға 1 жылға 650,0 мың теңге көлемінде төленеді.

Сонымен қатар, аталған әдістемеде бір баланың оқу құнынан бөлек құрылысы салынған жеке мектептерге бір оқушы орнына 1 жылға жаңа құрылысқа 377,5 мың тг. (96 АЕК) қайта бейімдеуге (реконструкция) 47 АЕК184,8 мың тг. () көлемінде8 жыл төленуде. Аймағымызда жұмыс жасап келген 39 мектептің 29 мектебіне құрылыс бойынша республикалық бюджеттен 2020-2025 жылдары 8,0 млрд. теңге берілген.

Мысал ретінде 400 орындық мектепкеқұрылысына 1 жылда (бала саны төленеді. толық болған жағдайда) 166,1 млн.тг., 8 жылда 1,3 млрд. тг.

Бұдан бөлек тағы әр баланың оқу құнына орташа 650,0 мың теңгеден1 жылға 260,0 млн. теңге, 8 жылда 2,1 млрд. теңге беріледі.

Облыстағы 400 және 600 орындық жеке мектептердің орташа құны682,6 млн. теңгені құрайды. Осылайша, құрылыс қаржысы 8 жылда 2 есеге дейін артық алып, 4 жылда жалпы құрылыс шығынын өтеуге мүмкіндік жасалған.

Өңірімізде алғашқылардың бірі болып жеке мектеп салған Мұрат Бақтиярұлы. Бүгінде «Orda school» жекеменшік мектептерінің желісі 4-ке жетті. Қызылорда қаласы Сабалақ саяжайындағы 400 орындық «Orda school – 2» жеке мектебінің құны 520,0 млн. теңге.

Мұрат Бақтиярұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2022 жылдың қыркүйегінде ашылған «Orda school – 2» жекеменшік мектебін облыстық коммуналдық меншікке беру жөнінде шешім қабылдады.

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсан күні облыс әкімі Н. Нәлібаевтың қатысуымен жеке мектеп ғимаратын сыйға тарту шарты бойынша екі жақты меморандумға облыстық білім басқармасы мен мектеп құрылтайшысы қол қойды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы ел игілігі мен жас өрендеріміздің қолайлы әрі қауіпсіз ортада білім алу бағытында жасаған батыл қадамы және көрсеткен үлгі өнегесі үшін жеке мектеп құрылтайшысы Мұрат Бақтиярұлына Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысын білдірді.

Әрбір ата-ана баласының заманауи ғимаратта оқып, білімді болғанын қалайды. Бұған дейін жеке мектепте 336 оқушы тегін оқып келді. Енді бұл білім беру ұйымы №297 орта мектеп болып қайта құрылып, мемлекеттік мекеме ретінде жұмысын жалғастырады.