Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептің 10 жылдық мерейтойына орай өзін-өзі басқару ұйымы зияткер көшбасшылардың желілік сайысын ұйымдастырды. Еліміздегі 17 NIS-тің мектеп президенттерінің басын қосқан додада қатысушылар мектеп өмірі, жобалары мен оқу бағдарламасына қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді.
Алғашқы кезеңде озып шыққан 6 оқушы келесі айналымға өтіп, логикалық және проблемалық мәселелерді шешудегі білімдерін көрсетті. Нәтижесінде Орал қаласындағы Зияткерлік мектеп көшбасшысы Фатима Каримова жеңіске жетті:
– Бүгінгі сайыс маған ерекше әсер қалдырды, себебі физика-информатика бағытын таңдасам да, биология, химия пәндері бойынша алған білімімді еске түсіре отырып, сайыста ең жоғары көрсеткішке жете алдым. Көшбасшылардың осындай тартысты додада басын қосқан ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Басқа да өзін-өзі басқару ұйымы президенттерімен жақынырақ танысып, мектептер арасында байланыс арта түсті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<