Әлеуметтік төлем – жаңа форматта

692

0

Ел Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында облыс бойынша «Отбасының цифрлық картасы» пилоттық жобасы қыркүйек айынан бастап іске қосылды. Сондай-ақ, Әлеуметтік Кодекстің жобасы аясында «Жұмыспен қамтудың саясаты», «Жаңа көші-қон саясаты», «Балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, «Қазақстанда зейнетақы төлемдерін арттыру» қамтылған.

– Жаңа Әлеуметтік Кодекстің негізгі мақсаты – бұл халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызмет алу мүмкіндігі ұсынылды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тізбе әлеуметтік қорғау саласындағы қызмет кеңейтіліп, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларына мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі. Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктің барлық түрі қамтылады деген жоспар бар, – деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ертілеу Жалғасбаев Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<