Ардақ Ибраимов: Білім беру ұйымдарының жай – күйі қатаң бақылауда

257

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқу-білім – үздіксіз дамуды талап етеді. Оған дұрыс көңіл бөліп, қажеттіліктерін қамтамасыз ету маңызды. Биыл Жалағаш ауданы білім саласына баса назар аударуда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында да татымды тірліктер, жағымды жаңалықтар бар.

Білім сапасы бойынша да ауданның әлеуеті жоғары. Биылғы оқу жылын аудандағы 20 мектептен 6690 оқушы бітірді. Оның ішінде 11 сыныпты 420 түлек тәмамдаған. Алтын белгіні 18 түлек алса, 43 түлек үздік аттестат иегері атанған. Алты айдағы ауқымды жұмыстарды аудан әкімі Ардақ Ибраимов облыстың бас ақпарат алаңында айтып берді.

– Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыс көлемінде бас-аяғы 21 мектеп салынатын болса, оның 1-еуі Жалағаш ауданынан бой көтеретін болады. Қазіргі таңда 300 орындық «Жайлы мектептің» жер телімі белгіленді. Жалпы білім беру ұйымдарының жәй – күйі де қатаң бақылауда. Аудандағы мектеп ғимараттарына жәй жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, Бұқарбай батыр ауылындағы №33 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге облыстық бюджет есебінен қажетті қаржы бөлініп, бүгінгі күні жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Жаңа оқу жылында аталған білім беру ұйымының оқушылары жөндеуден өткен ғимаратта білім алатын болады, – деді Ардақ Әбдіғаппарұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<