Былтыр экономиканың барлық салалары бойынша өндірістің тиімді жүргізілуі және өнімдердің қауіпсіздігі шеңберінде 85 тексеру жүргізген.
Нәтижесінде қолдануға жарамсыз 722 дана өлшем құралын пайдалануға тыйым салу жөнінде 16 нұсқама берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қарсақбаев хабарлады.
– Былтыр аймақтағы тауар өндіруші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарда, ірі сауда орталықтары мен базарларда сапа менеджмент жүйесін енгізу, стандарттау саласындағы жаңадан енгізілген нормативтік құжаттар жөнінде түсіндірме жүргізілді. Сапа менеджмент жүйесін өндірістеріне енгізген кәсіпорындарға ұдайы талдау жасалады. Қазір облыс бойынша 489 мекеме мен кәсіпорын халықаралық менеджмент жүйесін өз өндірістеріне енгізген, – деді департамент басшысы.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<