Республикалық чемпионат басталды

424

0

Тамыз айының 1-6 аралығында өрт сөндіру және құтқару спортынан XXVIII ерлер және VIII әйелдер арасындағы республикалық чемпионат өтеді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері арасындағы спорт додасына үздік деп танылған 31 команда қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев хабарлады.

– Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің арасындағы спорттық сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған кәсіби мамандар бақ сынайды. Бұл дода – төтенше жағдайлар қызметіндегі мамандардың шымырлығын, кәсіби шеберлігін одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды шара. Мамандар арасындағы республикалық чемпионаттар жыл сайын дәстүрлі түрде әр өңірде өткізіліп тұрады. Биылғы жазғы чемпионат біздің Сыр елінде өткізілмекші. Бұл сайыстан топ жарған командалар әлемдік жарыстарда бақ сынайтын болады. Сырбойылық төтеншіліктердің команда жетекшісі – өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Әбділда Баякеев. Ал команда жаттықтырушылары – азаматтық қорғау майоры Владимир Ситников пен Бекболат Бакенов. Барлық жерлестерімізді өрт сөндіру және құтқару спортына жанкүйер болуға шақырамыз, – деді облыстық ТЖД бастығы Руслан Сламбекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<