Былтырғымен салыстырғанда биыл 2 трлн теңге артық салық түсті

989

0

2021 жылғы қаңтар-қазан айларында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспары 102,2%-ға орындалды.

Жоспар бойынша 8 118,7 млрд теңге, 179,9 млрд теңгеге асыра орындалып 8 298,6 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,7%-ға немесе 1 948,5 млрд теңгеге өскенін көрсетті. Оның ішінде:

– Республикалық бюджет 100,4%-ға орындалды (жоспар бойынша 5 414,2 млрд теңге, 23,9 млрд теңгеге асыра орындаумен 5 438,1 млрд теңге түсті), өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,1%-ға немесе 1 441,2 млрд теңгеге өсті.

– Жергілікті бюджет 105,8%-ға орындалды (жоспар бойынша 2 704,5 млрд теңге, 156,0 млрд теңгеге асыра орындаумен 2 860,5 млрд теңге түсті) 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға немесе 507,3 млрд теңгеге өсті.

2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке ең көп сома мұнайға салынатын экспорттық кедендік баждар бойынша – 400,9 млрд теңгеге немесе 1,9 есе;

Корпоративті табыс салығы бойынша – 481,2 млрд теңгеге немесе 48,5%;

ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы бойынша 194,2 млрд теңгеге немесе 36,9%;

3-елдерден импортқа қосылған құн салығы бойынша 110,3 млрд теңгеге немесе 21,0%;

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 107,0 млрд теңгеге немесе 47,9% түскен.

Түсімнің өсуіне төмендегі факторлар әсер етті.

Биылғы 10 айда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға бағаның өскені байқалды.

Оның ішінде мұнай – 68,8%, мыс – 56,0%, алюминий – 46,4%, мырыш – 34,5%, күміс – 29,2%, қорғасын – 20,9%, алтын – 2,7%.

Мұнайға салынатын әкету кедендік бажының мөлшерлемесі 64,0%-ға өсті (2020 жылдың 10 айында 1 тоннаға орташа мөлшерлемесі – 37,5$, 2021 жылдың 10 айында 1 тоннаға – 61,5$).

Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-қазан айларында 10,0%-ға өсті (экспорт 21,9%-ға өсті, импорт 10,5%-ға төмендеді).

2021 жылғы 9 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 28,7%-ға өсті (63 917 млрд. теңгеден 82 293 млрд теңгеге дейін).

Көрсетілген кезең ішінде бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналардан орташа түсімі 11,8%-ға өсті (33,4 млн. теңгеден 37,4 млн теңгеге дейін).

BAQ.KZ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<