«Өркен әлемнің» жұмысы өрге басып келеді

1253

0

Жалағаш ауданындағы «Өркен Әлем» ЖШС филиалы 2015 жылдан бері жұ­мыс істейді.

Серіктестіктің жұмысы арнайы киімдер дайындауға бағытталған.  кәсіпкерлік нысан 2017 жылы «СТ-KZ» сертификатын алып, 810 дана броньді кеудеше және 240 дана арнайы киім (противоосколочный костюм) дайындады. Ал 2018 жылы 5630 дана броньді кеудеше және 2 125 дана каскаға арналған бүркеме тікті. Өткен жылы шекара әскерлеріне 5000 дана броньді кеудешеге, 11000 дана каскаға арналған бүркемеге, тағы басқа 50 дана арнайы киімге  тапсырыс алынып, толық орындалды.

Жобаны жүзеге асыру үшін облыс әкімі жанындағы Өңір­­лік үйлестіру кеңесінің оң қо­ры­­тындысы шығып, сәйкес «Серпін» аграрлы-индустриал­ды аймағынан 1 гектар жер телімі рәсімдел­ген болатын. Жобаның негізгі ғи­ма­ратының құрылысына және қа­жет­ті құрал-жабдықтар сатып алу­ға 38 млн теңгеден астам қаржы жұм­са­лып, 2017 жылы толық іске қосылды.

– Ел экономикасын дамыту ауыл­ды түлетуден басталады. Сол себепті елде жаңа жұмыс орын­дарын ашу, заманауи үлгідегі кәсіптерді қолдау, жастарға тың серпін, бағыт-бағдар  беру  бас­ты ұстаным болуы керек. Бір ғана кәсіпкерлікті дамыту арқылы біз үш бірдей мәселені шеше аламыз. Салық базасын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздық көрсеткішін төмен­детеміз. Бұл ретте отбасына күнделікті апарар табысы бар адамның қоғам өміріне көзқарасы да жөнді болмақ. Сондықтан осы саланың дамуына күш салып, жаңа идеяларды жүзеге асыру бағытында жұмыс істейтін боламыз. Өзім басқарып отырған «Өркен Әлем» киім тігу цехының жұмысын одан әрі кеңейтіп, жұмыссыз жандардың екі қолына бір күрек табуына жәрдемдесеміз. Одан бөлек, қазір электр энергиясын үнемдейтін лампаларды шығаруды жоспарлап отырмыз, – дейді серіктестік басшысы Жақсылық Өзденбаев.

Айта кетейік, өткен жылы өндіріс ғимараты кеңейтіліп, Оңтүстік Кореядан каска дайын­дауға қажетті құрал-жабдықтар алынды. Сондай-ақ, қосымша 20 адам жұмысқа тар­тылды. Қазір «Өркен Әлем» ЖШС 45 адамды тұрақты жұ­мыспен қамтыған. Биыл, көк­тем-қыс айларындағы пандемия өршіген уақытта серіктестіктің жеке қара­жаты есебінен 18500 дана медициналық маска тігіліп, аудан халқына тегін таратылды.

Қазір шекара әскери қызметіне 4840 дана броньді кеудешеге тапсырыс алынып,  жұмыс жүргізілуде.

Ғазиза ӘБІЛДА,

«Сыр бойы»

Жалағаш ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<