«Қазавтожол» ұлттық компаниясы пайдалануға беруге дайын автокөлік учаскелерін атады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір Нұр-Cұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентте), Щучинск – Көкшетау учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын.
Бұл учаскелер барлық қажетті құралмен жабдықталған. Ал Қапшағай – Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда учаскесін пайдалануға беру туралы бұйрықтың жобасы мемлекеттік органдарға келісім беруі үшін жолданған.
Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазанынан тест режимінде, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі, – деп нақтылады комитет.
Ведомствоның хабарлауынша, ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшері 2013 жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады.
ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<