107 ОҚУШЫДАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ

599

0

Соңғы көрсеткіштер бойынша аймағымыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақты деп бағалауғаболады. Алайда балалар арасында жаңа оқу жылының алғашқы 19 күнінде індет жұқтырудың 107 дерегі тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.

  • Өңірдегі 98 мектептің 107 оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Басым бөлігіқала мектептерінде анықталды. Бүгінгі күні 107 сынып 14 күнге карантинге жіберілді. Сондай-ақ дәстүрлі формата оқупроцесін бастаған мектеп мұғалімдері арасында КВИ-дің 17 дерегіесепкеалынды. Байланыста болғанда ршеңбері анықталып, эпидемияға қарсы барлық шаралар орындалды, – деді департамент басшысы.

Айта кету керек, облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 17 403 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте 41 дерек анықталды. Басым көпшілігі эпид көрсеткіштер бойынша ПТР тапсыру кезінде, 4 жағдай науқастармен қарым-қатынаста болған

Адамдар арасында анықталды. 207 адам вирус жұқтырған адамдармен тығыз байланыста болғандар ретінде медициналық бақылауға алынған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<