123 медицина қызметкері 2 миллион теңге көлемінде өтемақы алады – министр

787

0

Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерілерінен 123 өтініш түскен. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Бұл өтемақы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен төленеді. Өтемақыны төлеу операторы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры болып саналады. Ол біздің министрлікке қарайды. Ал өтемақыға өтінішті өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары береді», – деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, 6 өңірдегі денсаулық сақтау басқармаларынан комиссияға 123 өтініш түскен.

«Ережеге сәйкес, өтінішті 3 күнде қараймыз. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан оларға 2 миллион теңге беріледі. 123 өтініштің арасында коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерілері туралы өтініш жоқ. Әзірше оларға қатысты өтініш түскен жоқ, – Нұрымбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<