192 адам ревакцинациядан өтті

817

0

Қызылорда облысында ревакцинациялау жұмыстары өткен аптада басталды. Қазіргі кезде коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялаудан облыс бойынша 192 адам өтті. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов мәлімдеді.

Одан бөлек, өңірімізге 23400 доза «Pfizer» вакцинасы келді. Бұл вакцина 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер және жүкті әйелдермен бала емізуші әйелдерге арналған. Бүгінде «Pfizer» вакцинасын 4951 адам салдырды. Оның 3653-і бала, 646-сы жүкті әйел, 652-сі босанған әйел.


Айта кету керек, індет басталғалы бері өңірімізде коронавирус инфекциясымен 19294 науқас тіркелді. Өткен тәулікте 5 жағдай анықталды. Жалпы емделіп шыққаны 97 пайызды құрайды. Облыс бойынша инфекциялық стационарда 117 науқас, реанимациялық төсек-орында 14 науқас ем қабылдап жатыр.


Ал, вакцинациялау жұмыстары басталғалы бері облыста вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны – 403 511, халықтың қамтылуы 89,2 пайызды құрады. Екінші компонентпен – 344 815 (76,2 пайыз) адам егілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<