16 тамыздағы мәлімет бойынша әлі де «қызыл» аймақтамыз. Үрей туғызатыны бұл емес. Қазір көпшілік шараларды өткізуге рұқсат жоқ. Дегенмен, той тыйылмай тұр. Облыс көлемінде «Аshyq» жобасына қосылған 2808 нысанда 362 карантин талабын бұзу дерегі тіркелген. Оның ішінде «қызыл» статусы бар 163 адам анықталса, «сары» статустағы 199 адам белгілі болды.
– Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған «қызыл» мәртебедегі тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес, әкімшілік айыппұл салынды. Ал, «сары» мәртебедегі карантин режимін бұзушыларға жеке қаулы шығарылды. Олар қоғамдық тамақтану орындарына, әуежай мен теміржол вокзалына, халыққа қызмет көрсету орындарына кіру кезінде анықталған, – дейді облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.
Бұл – селсоқтықтың дәлелі. Әйтпесе ахуалдың қалыпты емес екені көзге ұрып тұр. Дәрігерлердің де дабыл қағуының кемі жоқ және олар екпенің кеселмен күресте қауқарлы екенін айтып отыр. Қазір облыста вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны 251 мыңнан асқан, екінші компонентті 196 мыңнан аса адам қабылдаған. Олардың қатарында педагогтар, медицина саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, студенттер басым. Ал, оның ұжымдық иммунитет қалыптастыруда және тезірек қалыпты өмірге оралуымызда маңызы айтарлықтай.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<