Науқастардың көбі сақтық шараларына селқос қараған

1130

0

Қызылордада эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. Өйткені індеттің көп жағдайда белгісі жоқ. Маусым айында тіркелген науқастардың 73,5 процентінде ауру белгілері байқалмады.

«Ауру белгісі ПТР (полимеразды тізбекті реакция) арқылы дәлелденген жағдайда ғана оны ауыздықтау мүмкіндігі жоғары. Оның үстіне, адамдар тынысы тарылғанда ғана ауру екенін мойындауда. Сондай-ақ, сәуір, мамыр айында бірнеше адам ғана реанимацияда болса, қазір күнделікті 5-6 адамға дейін ем алуда. Науқастардың көбі індетті мойындағысы келмей, сақтық шараларына селқос қараған», – деді өңірлік коммнуикациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.

Осы орайда әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, сақтану керек. Ыстығы көтерілген, басқа да белгілер біліне бастаған адам емханаға хабарласу керек.

«Құрметті облыс тұрғындары! Дәлелденбеген ақпараттарға еріп, байбалам салушылықты қойып, тек ресми ақпараттарға сенейік!» – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<