Жаңақорғанда эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

629

0

Жаңақорған ауданында CОVІD-19 індеті бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Аудан үстіміздегі жылдың 21-ші сәуірінен бастап «қызыл аймақта» тұр. Соңғы бес күндікте күніне 6-дан 11-ге дейін жағдай тіркелуде. Соңғы аптадағы сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 21% – ға жоғары, 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш – 191,9 құрады.

-Ағымдағы жылдың басынан бері аудан бойынша ауырғандар саны 167, пандемия басталғаннан бері 520 нақтыланған жағдай тіркелді. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны – 6.  Жаңақорған ауданында 2021 жылдың қаңтар айында коронавирус инфекциясының 21 жағдайы, ақпан айында 5 жағдайы, наурыз айында 11 жағдайы есепке алынса, сәуір айының 27 күнінде 130 жағдай есепке алынып, эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі орын алды.  Биыл сәуір айындағы COVID-19 сырқаттанушылық көрсеткіші қаңтар айындағы сырқаттанушылық деңгейінен 6 есе, ақпан айындағы сырқаттанушылық деңгейінен 25 есе, наурыз айындағы сырқаттанушылық деңгейінен 11,4 есе асады. Жалпы 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы сырқаттанушылық деңгейінен сәуір айының тек 27-шы күніне 3,5 есеге артып отыр, – дейді Жаңақорған ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шынар Қожанқызы.

Коронавирустық инфекцияны тіркеуді жалғасуының негізгі себептері тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауы, атап айтқанда адамдар көп жиналатын орындарға бару, бетперде кимеу, сондай-ақ негізгі себептердің бірі амбулаториялық науқастардың да, жақын байланыста болған адамдардың үй карантині режимін сақтамауы болып табылады.

Ауданда 2 егу кабинеттерінде вакцинациялауға жататын контингенттерді қамту бойынша жұмыс жалғасуда, сондай-ақ жылжымалы егу пукттерін ашуға жұмыс атқарылуда. Наурыз айының 5 жұлдызында 200 доза, сәуір айының 15 жұлдызында 1000 доза, және сәуір айының 26 жұлдызында 3000 доза Гамковид-вак жеткізіліп, егу шаралары ұйымдастырылуда.  2021 жылдың 5-ші наурыздан бастап жалпы 1372 адам егудің бірінші компанентімен қамтылса, 200 адам екі компанентпен қамтылып отыр.

Айта кету керек, бірінші және екінші компанент арасы 21 күнді құрайды. Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 27 сәуір аралығында  каратиндік режим талаптарын бұзушыларға жалпы   1589765 теңге көлемінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425 бабының 1-ші бөлігімен 23  айыппұл салынып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<