
Тәжірибелік жоба Канаданың Квебек провинциясында жасалғалы отыр. Бұған Монреаль дәрігерлер ассоциациясы мен Монреаль көркемсурет мұражайы ниет білдірген. Дәрігерлер айтуынша, өнер нейрон белсенділігін арттырады. Сондай-ақ, психикалық ауруы бар адамдар, диабет пен қан қысымының көтерілуінен қиналатындар жағдайына оңтайлы әсер етеді.
Осы жоба аясында дәрігерлер ассоциациясының мүшелері мұражайға тегін баруға 50 рецепт жазып бере алады.
Массагет.кз
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<