Атыраудан вахталық жұмыстан келген 5 адамнан ауру анықталды

897

0

Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 237-ге жетті. Бүгінге дейін сауығып шыққандар саны – 183. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Жаңадан есепке алынған науқастардың барлығы – Атыраудан вахталық жұмыстан оралғандар. 1-уі – Қызылорда қаласынан, 1-уі – Жаңақорған, 1-уі – Шиелі, 1-уі – Арал, 1-уі – Қазалы аудандарынан. Соңғы тәулікте барлығы 722 зертханалық сынама алынса, оның 462 сынамасы теріс мәнді болды. 5 сынама оң мәнді. Қалдық тест – 3850. Облыс бойынша эпидемиологиялық маусым басталғалы 21 259 сынама алынған, – деді ол.

Сондай-ақ, ауру жұқтырғандармен байланыста болған 3278 азамат анықталды. Оның 1806-сы жақын қарым-қатынаста, 1472-сі жанама байланыста болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<