Ауруханаларда ауыр науқастарды қашықтан бақылау мүмкіндігі пайда болды

1067

0

Ауруханаларда ауыр науқастарды қашықтан бақылау мүмкіндігі пайда болды

Damumed қосымшасында ауруханаға жатқызылған науқастардың денсаулық жағдайы туралы жақындарына жедел хабарлау функциясы іске қосылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әзірлеушілердің айтуынша, енді ауыр науқастардың жағдайын туыстары онлайн режимде бақылай алады. Функция әсіресе туыстары коронавируспен реанимацияда жатқандар үшін қажет.

Науқастың туысы немесе сенімді адамы дәрігердің таңғы тексерісінен кейін температурасы, импульсі, қысымы, оттегімен қанығуы, тыныс алу қозғалыстары туралы барлық ақпаратты мобильді қосымшадан біле алады.

Сондай-ақ бағдарламашылар қосымша науқастың туыстарымен бейнебайланыс жасауға мүмкіндік беретінін айтты. Дәрігер қажет деп тапса, медициналық ақпараттық жүйе арқылы науқастың туыстарымен бейнебайланыс алуға мүмкіндігі бар. 

«Бұл функция тек науқастың туыстарына ғана емес, дәрігерлердің де жұмысын жеңілдетеді. Шұғыл түрде отбасымен байланысу қажет болғанда осы қосымшаны пайдалана алады», – деп пікір білдірді Қарағанды ​​қаласындағы №1 көпсалалы аурухананың неврология бөлімінің меңгерушісі Ринат Латыпов.

IT-компанияның әзірлеушілері Damumed жүйесінде жұмыс істейтін ауруханалар мен емханаларға бейнебайланысты пайдаланудың техникалық мүмкіндігін бергенін айтты.

Жаңа функция бүкіл ел бойынша 46 ауруханада қолданылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<