Омега-3 майлы қышқылдарының пайдасы жайлы естіп жүрміз: олар ми жұмысын жақсартады, шаш пен тырнақты қатайтады, тері қартаюына қарсы тұрады және т.б. Ал омега-6 майлы қышқылдары не үшін қажет?
Омега-6 майлы қышқылдарының маңызды функцияларының бірі – жасушаларды сыртқы зақымдардан қорғау және олардың табиғи кедергісін қатайту. Сондай-ақ олар артериялық қысымды реттейді және жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысына жағымды әсер береді. Омега-6 майлы қышқылдарының тағы бір пайдасы – олардан қабынуға қарсы және антиаллергиялық әсер беретін маңызды заттар синтезделеді. Ағза өздігінен омега-6 қышқылын өндіре алмайтындықтан, оны тек тамақтан ала аламыз. Мына өнімдерде омега-6 қышқылдары көбірек кездеседі:
– Грек жаңғағы;
– Тофу;
– Күнбағыс дәндері;
– Жержаңғақ майы;
-Авокадо;
– Жұмыртқа;
– Бадам жаңғағы;
– Кешью жаңғағы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<