Бауырларымның жағдайы жақсы

905

0

Қазір елімізде корона­вируспен қатар пневмония мен тұмау өршіп тұр. Осыдан біршама уақыт бұрын екі бауырым Алтыру, Қалилулла Әбіжалеловтер қат­ты ауырып, Мәдениет ауылдық ауру­ханасына түсті. Қалилулланың қызуы көтеріліп, жансақтау бөлімінде 5 күн жатты. Екеуіне де «екіжақты пнев­мония» деген диагноз қойылды.  Бауыр­­ларымның ауыр халін көрген дәрігер мамандар дереу жансақтау бөліміне жат­қызып, қажетті ем шара­ларын жүргізді.

Жансақтау бөлімінде реани­матолог Тимур Баджанов, Нұрболат Тәжмаханов бастаған дәрігерлер мен мейірбикелер 5 күн ішінде жағдайын қалыпқа келтіріп, жалпы палатаға ауыстырды. Екі бірдей бауы­рымның қиналғаны, қызуы көтеріліп, тәбеттері болмай қалғаны, әлсіздік пен жөтел қысқаны менің де жаныма батты.

Дегенмен, адам өміріне араша түсіп, қолынан келген бар­лық ем-домын жасап жатқан дәрігерлердің еңбегінің нәтижесінде бауырларым өздеріне келе бастады. Күні-түні әр науқасты жіті бақылаған антына адал жандардың арқасында бауырларым күн­нен-күнге жақсаруда.  Оған да шүкіршілік еттік.

Осы ретте Мәдениет ауыл­дық ауруханасының ұжы­мына, Гүлсім Каюпова, Жам­был Әбілқасымов, Батыр Іскендіров, Нұрболат Ал­мағанбетов, Жасұлан Сақып­бек, Бекзат Алтынбек, Раиса Абдуллаева, Сұлушаш Досыбек сынды ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз.

Бүгінде ауру асқынып, дерт дендеп тұр. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы  тәртіпке бағынып, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануы тиіс. Бұл – уақытша қиындық. Жақын күндері бұл кеселді еңсеріп, қалыпты өмірге қайта оралатынымызға сенімдімін.

Рита ЕҢСЕБАЕВА,

Жалағаш ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<