Бір күнде екі науқасқа бүйрек ауыстыру отасы жасалды

218

0

Фото: Көпбейінді облыстық аурухананың баспасөз қызметі

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды.

Бірінші науқас 1979 жылы туған әйел кісі. Оған 1976 жылғы туған ағасы донор болды.

Екінші трансплантация 1978 жылы туған ер адамға жасалды. Науқасқа егізінің сыңары, ағасы  донор болып бүйрегін берді.

Аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша,  отаны көпбейінді облыстық аурухана бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы  «Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология» бөлімшесінің меңгерушісі Ислам  Мададовтың командасымен бірге жасады.

Ота сәтті өтті. Науқастардың жағдайы орташа ауырлықта тиесілі ем қабылдап жатыр.

Айта кету керек, былтыр ауруханада  бүйрекке 6 трансплантация жасалды. Биыл  бірінші рет  бауыр ауыстырылды.

Жалпы аймақта биыл жеті ай көлемінде 66 адамға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген.

Жоғары технологиялық медициналық көмек – бұл ғылыми технологияларды, диагностика мен емдеудің инновациялық және бірегей әдістерін қолдана отырып көрсетіледі. Көмектің бұл түрi стационарлық жағдайларда ұсынылады.

Бүгінде облыста жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері көпбейінді облыстық ауруханада көрсетіледі.

«СБ» ақпарат