Биыл 9 мыңнан астам дәрігер біліктілігін арттырған

1809

0

Фото: Pexels

Биыл ЖОО-да 9 мыңнан астам ЖПД оқытылды, бұл дәрігерлердің жалпы санының 78%-ын құрайды. Жалпы практика дәрігерлерінің (ЖПД) біліктілігін арттыру, бұл әсіресе еліміздің кейбір өңірлерінде мамандандырылған көмектің қолжетімділігі төмен жағдайларда маңызды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен өткен ведомство алқасының кезекті отырысында айтылды.

«МСАК жалпы практикасы дәрігерлерінің құзыретін одан әрі күшейту және өңірлерді білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз ету үшін 2025 жылды – біліктілікті арттыру жылы деп жариялаймын. Бұл ретте, біліктілікті арттыру тек медицина қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамына да әсер етуі тиіс. Жұмысқа кірісетін жас мамандар үшін тәлімгерлікті бейімдеу және дамыту мәселесін пысықтау қажет», – деп атап өтті министр.

Осы бағыт шеңберінде практик дәрігерлер мен жалпы практика мейіргерлері үшін қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту, интерндер мен резиденттердің, болашақ мейіргерлердің білім беру бағдарламаларында практикада цифрлық технологиялар мен электрондық медициналық жүйелерді пайдалануды көздеу, «Жалпы дәрігерлік бағдарлама (Отбасылық медицина)» мамандарын даярлау бойынша интернатура мен резидентураның білім беру бағдарламаларын өзектендіру тапсырмалары берілді.

Еске сала кете кетйік, бұған дейін Қарағандыда 200-ден астам болашақ дәрігер жаңа оқу орнын іздеуге мәжбүр екенін жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<