Жіті ішек инфекциясы – жеке және қоғамдық гигиена ережелерін, тез бұзылатын өнімдерді пайдалану мерзімдерін сақтамау себептенінен пайда болады. Бұл инфекция әсіресе жаз айларында өрши түседі.
Тиісінше өңірде биыл жіті ішек инфекциясына қатысты 349 жағдай тіркелген. Бұл 2023 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9,1%-ға төмендегенін көрсетеді. Осыған орай, Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Ұзақбаев пен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айгүл Сағымбаева тың деректерімен бөлісті.
– «Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарымен жүргізілген эпидемиологиялық тексеру қорытындысымен аурудың басты таралу себептерінде үй жағдайында дайындау технологиясы бұзылған немесе дұрыс сақталмаған тағамдарды тұтыну, сүт өнімдері, мерзімінен ерте піскен жеміс-жидектер, сусындар, қайнамаған су және бала күтімінің нашарлығы салдарынан болған», – Ерлан Амантайұлы.
Маусым айынан бастап базар сөрелерінде қарбыз-қауындардың шыға бастайтынын байқаймыз. Алайда дәл осы уақытта өнімдер өте қауіпті болады. Себебі гербицид, пестицидтердің мөлшерден тыс болуы мүмкін. Бұл жағдайда жеке бас гигиенасын сақтап, қолды жиі сабындап жуу, қайнатылған немесе тазартылған, бөтелкедегі суды пайдалану, жеміс-жидектерді міндетті түрде мұқият жуып жеу, ерте піскен бақша өнімдерін тұтынуды мейлінше шектей тұру, субұрқақтарға шомылмау сияқты сақтық шаралары аурудың алдын алуға ықпал етеді дейді мамандар.
– «БДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде 1-1,2 млрд дейін диареялық аурулар тіркеледі. 5 млн-ға жуық балалар жыл сайын ішек инфекцияларынан және олардың асқынуларынан көз жұмады. Аурудың алғашқы белгілері: іштің жиі өтуі,дене қызуының көтерілуі,асқа тәбеті болмау, шөлдеу, бас ауру, селқостық. Бұл аталған белгілер байқалса көп уақыт созбай дәрігерге көрінген абзал», – Айгүл Раушанбекқызы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<